Yessenov университеті Бюллетені

Ақпараттық бюллетень — нақты сұрақтар бойынша адамдардың мақсатты тобын (мамандар, тұтынушылар және т.б.) ақпараттандыру мақсатында жинақталған мәліметтер қоры. Ақпараттық бюллетень актуалды тақырыптық ақпараттар жиынтығынан тұрады.


Yessenov университеті Бюллетені мақсатты аудиторияны (білімгерлер, талапкерлер, оқытушылар және т.б.) университетте жүзеге асырылатын мамандықтар, білім беру бағдарламалары, оқу жоспарлары, пән силлабустары, түсушіге қойылатын талаптар, оқыту мен бағалау әдістері және күтілетін нәтижелермен таныстырып отыратын негізгі ақпараттық құралдардың бірі болып табылады.